Пойызда босанып қалған әйел сәбиін дәретханаға тастап, суды ағызып жіберген

Темір жол, Қарағанды облысы, Оскаров ауданы, пойыз, босану, сәби, дәретхана, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2025 19:27 Сурет: pixabay
"Қарағанды-Сұрыптау–Сарыбел" бағытына қатынайтын жолаушылар пойызында жаға ұстатарлық қайғылы оқиға орын алды. Жантүршігерлік хабармен Қарағанды облыстық көлік прокуратурасы бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, 2025 жылғы 20 сәуірде пойыз жолаушыларының бірі толғағы келіп, вагонның санитарлық бөлмесінде босанып қалған. Босану медициналық мекемеден тыс және тиісті көмек көрсетілмей жүзеге асқан.

Тергеу барысында анықталғандай, психикалық аурумен есепте тұрған әйел ауруының асқыну кезеңінде жаңа туған нәрестені санитарлық шұңқырға тастап жіберген. Сәби темір жол рельстеріне құлап, өмірмен сыйыспайтын жарақаттар алған.

"Қарағанды облысының Осакаров аудандық соты әйелді қылмыстық іс-әрекет жасаған сәтінде есі дұрыс емес деп танып, оны арнайы медициналық мекемеде мәжбүрлеп емдеу туралы қаулы шығарды", делінген 2025 жылғы 25 шілдедегі Бас прокуратура хабарламасында.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

 Бұған дейін Ақмола облысында ауыл әкімі мас болып, төбелескені үшін жұмыстан қуылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: