Қостанай облысында полицейлер тоқтатқанда көлік есігін тарс жауып алған әйел жазаланды

Жүргізуші әйел, Қостанай облысы, Лисаков, көлік, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 19:44 Сурет: freepik
Лисаков қалаcында автокөлік салонында отырып, полиция талаптарына бағынбаған әйелге қатысты сот үкімі шықты. Оған қатысты сот құқық қорғау органы қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін жаза тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лисаков қалалық соты азамат С-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық ісін қарады. ​

"Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 24 тамызда сағат шамамен 23:10-да Лисаков қаласындағы азаматша С. автокөліктің ішінде отырып, құқық қорғау органы қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты заңды талаптарына бағынбаған. Атап айтқанда, полиция қызметкерінің көліктен шығу туралы талабына құлақ аспай, көліктің есік-терезелерін іштен жауып алған. Осыған байланысты арнайы құралдар қолданылған. Сонымен қатар, ол полиция қызметкерінің белгіленген тәртіппен масаң күйін анықтау үшін тексеруден өту туралы заңды талабын орындамаған", делінген сот хабарламасында.

​Сот отырысында С. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

​Сот С-ны Әкімшілік кодекстің 667-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 1 тәулікке әкімшілік қамауға алу түрінде жаза тағайындады. Сондай-ақ, 613-баптың 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

​Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: