Алматыда тергеу изоляторына ұялы телефонды бешбармақтың арасына салып өткізбек болған
Сурет: видеодан алынды/instagram/almaty_kalasy_kazhd
Алматының тергеу изоляторында сотталушыға әкелінген бешбармақ арасында жасырулы ұялы телефон табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласындағы тергеу изоляторының қызметкерлері ҚАЖ департаментінің Өзіндік қауіпсіздік және жедел топтарымен бірлесе отырып, тыйым салынған затты анықтады. Тұтқындарға әкелетін азық-түлікті қабылдау кезінде олар тамақ салынған контейнерді ашып, бешбармақты араластыру кезінде жылтыр қағазға оралған ұялы телефонды тапты.
Аталған факт бойынша әкімшілік жаза қолдану үшін Алматы қаласы ауданаралық әкімшілік сотына жіберуге материал жинақталды.
Бұған дейін Шымкентте жедел уәкіл қамаудағы әйелді зорлағаны үшін сотталғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript