Апта ішінде заңнамадағы өзгерістер
Фото: pexels
"Параграф" ақпараттық жүйесі осы жұмыс аптасында Қазақстан заңнамасындағы өзгерістерге шолу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2028 жылдың соңына дейін жаңа әлеуметтік бастамаларға, бюджеттен тыс қорлар құруға және мемлекеттік органдарға ғимараттар салуға бюджет қаражатын жұмсауға мораторий енгізілді.
- Қаржы министрлігі азаматтардың банкроттық рәсімі барысы туралы ақпарат ұсыну қағидаларын бекітті.
- Көппәтерлі тұрғын үйді басқару жөнінде шешім қабылдау қағидалары жаңартылды.
- Үкімет құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кейбір санаттарына тұрғын үй төлемдері қарастырылған лауазымдар тізімін бекітті.
- Ішкі сауда қағидаларына өзгерістер енгізілді: баға белгілеу, жеңілдікпен немесе бөліп төлеуге алынған тауарды қайтару, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі тәртібі нақтыланды.
- Өнеркәсіптік мақсатта кендірді өсіру талаптары бекітілді.
- Әділет министрлігі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін нотариаттық әрекеттер мен өзге де қызметтер үшін ставкаларды бекітті.
- 2026 жылдан бастап цифрлық активтердің құнын айқындау және жариялау қағидалары енгізіледі, сондай-ақ олардың тізбесі едәуір кеңейтілді.
- Жыл соңына дейін Қазақстаннан түсті металдар сынықтарын әкетуге тыйым салынды.
- Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер органдарының жаңа кодтарын бекітті.
- Қорғалуға құқығы бар куәгерлерге адвокаттың тегін көмегін алу мүмкіндігі берілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript