Оралда бес жасар қызды зорлады деген күдіктіге қатысты сот отырысы басталды

Балмұздақ, дүкен, Орал, бес жасар қыз, зорлау, күдікті, сот отырысы  , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2025 19:14 Сурет: pixabay
Орал қаласында Тасқаладан келген бес жасар қызды зорлады деп айыпталған ер адамға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Уральская неделя" басылымы қылмыстық іс Оралдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатқанын жазады. Сотталушы орындығындағы 32 жастағы ер адамның бұрын да сотты болған. 

"Шамамен екі жыл бұрын ер адам ұрлық үшін жазасын өтегеннен кейін түрмеден босап шыққан. Ол зардап шеккен баланың отбасымен таныс болған", делінген ақпаратта.

Іс материалдарында келтірілген дерекке сүйенсек, 2025 жылдың 22 тамызында кешке айыпталушы "балмұздақ әперемін" деген сылтаумен қызды дүкенге апарған. Біраз уақыттан кейін анасы алаңдап, баласын іздей бастайды. Олар оны түні бойы іздеп, тек таңертең ауылдың шетінде ес-түссіз және алба-жұлба күйінде тапты. Сол күні оны ертіп кеткен ер адам ұсталды.

Бұған дейін Атырау облысында сот жеті жасар қызды зорлады және қасақана өлтірді деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық істі қарап, оған ең ауыр – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: