Қазақстанда 2026 жылы "Tax Free" пилоттық жобасын ұзарту жоспарлануда
Фото: pexels
Ережелерге енгізілетін өзгерістердің мақсаты:
- пилоттық жобаны 2026 жылға ұзарту;
- жобада қазіргі операторға балама ретінде қазақстандық компанияны қосу;
- пилоттық жобаны жүзеге асыру географиясын кеңейту;
- бір кассалық чекте соманы 10 АЕК дейін төмендету;
- пилоттық жобаны цифрландыру механизмін сынау.
Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, аталған шаралар Қазақстанда туризмді дамытуға және шетелдік туристерді тартуға, олардың ҚҚС сомасын өтеу арқылы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Құжат "Ашық НҚА" сайтында 2025 жылғы 22 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға қойылған.
Естеріңізге сала кетейік, пилоттық "Tax Free" жобасы Қазақстанда 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске қосылған болатын.
Пилоттық жоба туристерге ЕАЭО кеден аумағынан шығарылған азық-түлік емес және акцизге жатпайтын тауарлар бойынша ҚҚС сомасын өтеу тәртібін анықтайды. Жеке сатып алу сомасы кемінде 20 АЕК (2025 жылы 78 640 теңге) болуы тиіс.
Жоба Астанада, Алматыда, Шымкентте және Түркістанда орналасқан стационарлық сауда нысандарында жүзеге асырылуда.