Жылдық бюджетті орындау есебін ұсыну: ережелерге өзгерістер енгізілді
Фото: freepik
Негізгі жаңалықтар:
Бюджетті орындауға жауапты орталық атқарушы орган ҚР Үкіметінің бюджетті орындау есебіне қатысты Жоғары аудит палатасының ұсыныстарын орындау жол картасының жобасын әзірлейді және оны келісу үшін Жоғары аудит палатасына жібереді.
Жоғары аудит палатасы жобаны алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оны келіседі немесе ұсыныстар мен түзетулерді орталық атқарушы органға жолдайды.
Орталық атқарушы орган Жол картасының орындалу мерзімін жауапты мемлекеттік органдармен келісе отырып, ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді кезеңдерге белгілейді.
Жол картасы Жоғары аудит палатасымен келісілгеннен кейін орталық атқарушы орган оны ҚР Үкіметі аппаратына бекітуге жібереді.
Жол картасының тармақтарын орындауға жауапты мемлекеттік органдар әр тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-іне дейін, орталық атқарушы органға жүзеге асыру барысы туралы ақпарат береді.
Орталық атқарушы орган Жол картасының орындалуын әр тоқсан сайын жинақтап, талдау жасап, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ына дейін Жоғары аудит палатасына жібереді. Жоғары аудит палатасы Жол картасының тармақтарын бақылаудан шығару туралы шешім қабылдайды.
Орталық атқарушы орган Жоғары аудит палатасының ұстанымын алғаннан кейін Жол картасының орындалу барысы және мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты ҚР Үкіметі аппаратына жібереді.
Қаулы 2025 жылғы 16 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.