АӘК алушыларға азық-түлікке арналған ваучерлер беріледі: жобаның географиясы кеңейтілді

Фрукты, овощи, овощной, супермаркет, продукты питания, минимаркет, продуктовый, социально значимые продукты, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2026 10:17 Фото: freepik
Қазақстанда Мемлекеттік технологиялар және инфрақұрылым, Ақпараттық даму, Еңбек министрлігі және АШМ бірлескен бұйрыққа қол қойып, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың "АӘК алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін беру" пилоттық жобасын іске асырудағы өзара іс-қимылын бекітті.

Құжатта көрсетілгендей, пилоттық жоба Көкшетау, Ақкөл (Ақмола облысы) және Павлодар қалаларында мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмекті алушыларға "әлеуметтік әмиян" арқылы немонетарлық қолдау шарасы ретінде жүзеге асырылады.

Жобаның іске асу алгоритмі де бекітілді.

Ваучер әрбір отбасы мүшесіне беріледі, ал отбасы мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек алушы ретінде танылған болуы тиіс.

АӘК алушы әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын жеңілдетілген бағамен сатып ала алады. Ваучерді активтеу алушының өзіне беріледі, ай сайын ағымдағы айдың соңына дейін жүзеге асырылады және қызметті алу келісімі расталған жағдайда ғана қолжетімді болады. Ай соңынан кейін активтелмеген ваучерлер күшін жоғалтады.

Бұйрық 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 1 мамырға дейін қолданыста болады.

Бұрын пилоттық жоба Ақкөл қаласында (Ақмола облысы) іске қосылған болатын, енді оның географиясы кеңейтілді.

Жобаның негізгі принципі қолданыстағы бағаны тұрақтандыру механизміне негізделген, яғни сауда нысандарына айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген қайтарылатын кредиттер беріледі. Оның орнына дүкендер АӘК алушыларға әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын нарықтағы бағадан 15%-ға төмен альтернативті бағамен ұсынуға міндетті.

АӘК алушыға тек ваучерді активтеу жеткілікті, оны дүкен кассасында QR-код арқылы көрсету керек, сосын жеңілдік автоматты түрде қолданылады. Ваучер мөлшері әр отбасы мүшесіне бір айлық есептік көрсеткіш бойынша есептеледі. Мысалы, төрт адамдық отбасы шамамен 17 мың теңге мөлшеріндегі ваучер алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: