Рудныйдағы қанды қылмыс: Қостанай облысының полициясы қос күдіктінің ұсталғанын растады

Полиция, Рудный, кісі өлтіру, Қостанай облысы, күдікті, ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2026 13:20 Сурет: unsplash
Рудныйда жасөспірімді өлтірді деп күдікке ілінген екі адам ұсталды. Бұған дейін бұл туралы қала әкімі хабарласа, енді аталған фактіні өңір полициясы да растады. Күдіктілердің Көкшетау қаласында ұсталғаны нақтыланады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2026 жылдың 24 қаңтарында Көкшетау қаласында жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыстық прокуратурамен өзара әрекеттесе отырып, Рудныйда кісі өлтірді деп күдікке ілінген екі адамды ұстады". Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

Айта кетсек, 23 қаңтарда көпқабатты үйдің подъездерінің бірінен пышақ жарақаттары бар 19 жастағы Рудный тұрғынының денесі табылды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала келтірілген дерекке сәйкес, жастардың бір-бірімен таныс екендігі, кісі өліміне арада туындаған жанжал себеп болғаны белгілі.

Бұған дейін Рудный әкімі кісі өлтірді деп күдікке ілінген екі жасөспірімнің ұсталғанын мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: