ШҚО-да тергеу изоляторына смартфонды бөлке нанның ішіне жасырып өткізбек болған

Нан, бөлке нан, Өскемен, смартфон, тергеу изоляторы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2026 22:28 Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында тергеу изоляторында отырған азаматқа сәлемдеме ретінде келген бөлке нанның ішінен ұялы телефон табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскеменде 22 жастағы азамат смартфонды тергеу изоляторына жеке мақсатта пайдалану үшін тергеудегі досына кіргізуге тырысқан. Мекеме қызметкерлері тыйым салынған затты тәркіледі.


"Аталған факт бойынша мекеме қызметкерлері алдын ала ескерткен азамат А-ға қатысты тергеудегі және сотталғандарға тыйым салынған заттарды кіргізуге және беруге жол бермеу туралы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды", - деді департаменттің ресми өкілі Салтанат Дәулетбек.

Бұған дейін ШҚО-да есірткі заттарын колонияға өткізбек болған екі азамат ұсталып, сотталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: