Негізгі қызметкер болмаған кезеңге ауыстырылған жұмыскер қандай мерзімге қабылданады

Работники, работник, рабочий, рабочие, люди на производстве, производство, завод, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2026 09:47 Фото: pixabay
Негізгі қызметкердің уақытша болмауына байланысты оның орнына ауыстырылған жұмыскермен еңбек шарты қандай мерзімге жасалуы тиіс. Бұл сұраққа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінде жауап берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек шарты уақытша болмаған қызметкердің орнын алмастыру кезеңіне жасалуы мүмкін.

Уақытша болмаған қызметкердің орнын алмастыру үшін жасалған еңбек шартының аяқталу күні – жұмыс орны сақталған негізгі қызметкердің жұмысқа шыққан күні немесе онымен еңбек шарты тоқтатылған күн болып табылады (Еңбек кодексінің 51-бабы 4-тармағы).

Сонымен қатар, егер жұмыскер сол ұйымда өзінің негізгі жұмысымен қатар еңбек шартында көзделген қызметінен бөлек басқа немесе ұқсас лауазым бойынша қосымша жұмыс атқарса не уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін негізгі жұмысынан босатылмай орындаса, оған қосымша ақы төленеді.

Яғни, Еңбек кодексінің 111-бабында көзделген жағдайда жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру жүргізілмейді, тек қосымша жұмыс атқарғаны үшін қосымша ақы төленеді.

Бұл ретте жұмыскерді басқа жұмысқа уақытша ауыстыру (қызметкердің бұрынғы лауазымына қайта оралу мүмкін болған жағдайда) тек Еңбек кодексінің:

  • 41-бабына (өндірістік қажеттілік жағдайында уақытша ауыстыру),
  • 42-бабына (бос тұрып қалу жағдайында уақытша ауыстыру),
  • 43-бабына (денсаулық жағдайына байланысты уақытша ауыстыру) сәйкес жүзеге асырылады.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: