Теміртауда жоғалған баланы іздеп тапқан ерікті марапатталды

Марапаттау рәсімі, Қарағанды облысы, Теміртау, жоғалған бала, ерікті , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2026 19:14 Сурет: polisia.kz
Теміртау қаласында Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагуловтың халықпен есептік кездесуі өтті. Аталған жиында құқық қорғау органдарына көмектескен бірқатар азаматтар марапатталды, деп хабарлады Zakon.kz.

Салтанатты жағдайда полицияға көмек көрсеткен азаматтар марапатталды. Олардың қатарында 2 сәуірде Абай қаласында жоғалған баланы тауып, оны іздеуге көмектескен Әділжан Дәуренбеков те бар.

Айта кетсек, 2 сәуір күні сағат 02:40-та Қарағанды облысы ТЖД-нің 112 пультіне Абай ауданында 2012 жылы туған кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол түскі уақытта Абай қаласы маңындағы далалы аймақтан табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім достарымен бірге Абай қаласынан Қарабас елдімекеніне қарай жаяу шыққан. Қарабастағы теміржол өткелі маңында балалар екіге бөлініп, екі жасөспірім үйлеріне өздері қайтқан. Туыстарының айтуынша, бала соңғы рет шамамен сағат 20:00-де анасына хабарласып, жолдан адасып қалғанын айтқан. 

Ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ТЖМ-нің 52859 әскери бөлімі, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ туыстары, волонтерлер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Сонымен қатар, әуеден шолу жүргізу үшін ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды.

12.05-те мобильді топтар (волонтёрлер) баланы Абай қаласынан 15 шақырым қашықтықтағы далалы аймақтан тапты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: