Астанада 32 млн теңге шығын келтірген алаяқтық схемаға қатысы бар үш дроппер анықталды

Дроппер, Астана, интернет-алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2026 12:13 Сурет: Zakon.kz
Елордада ірі интернет-алаяқтықтың кезекті фактісі тіркелді. Олардың құрбаны болған зейнеткер әйел пәтерін сатқаннан кейін банк шоттарында сақталған 32 миллион теңгесінен айырылған. Күдіктілер психологиялық қысым көрсетудің көпсатылы схемасын қолданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдымен әйелге өзін емхана қызметкері ретінде таныстырған адам қоңырау шалып, скринингке жазу сылтауымен SMS-хабарламадағы кодты айтқызған.

"Кейін өзін электрондық үкімет порталының қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар оның жеке деректерінің "бұзылғанын" айтып, қорғау мақсатында тағы да растау кодтарына қол жеткізген. Одан кейін әңгімеге жалған "банк" және "құқық қорғау органдарының" қызметкерлері қосылған. Олар әйелдің атына онға жуық несие рәсімделгенін айтып, оларды шұғыл түрде жою үшін нұсқауларды орындау қажет екенін жеткізген. Сендіру үшін оған жалған несие құжаттарын жіберген. Қорқыныш пен қысымның әсерінен зейнеткер барлық жинағын "қауіпсіз шоттарға" аударып жіберген. Тергеу барысында аталған шоттардың дропперлік шоттар екені анықталды. Іс бойынша еліміздің түрлі өңірлерінен ақша түскен шоттардың иелері — үш дроппер анықталды". Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Абай облыстық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі "шұғыл жарыққа, газға және суға төлем жасаңыз" деген жаппай SMS жолданып жатқанын айтып, маңызды мәлімдеме жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: