Қазақстанда мерзімі аяқталуға жақын жүргізуші куәлігін онлайн режимде ауыстыруға болады
Сурет: egov.kz
Қазақстан азаматтары жадына жүргізуші куәлігін онлайн режимде ауыстыруға болатындығы туралы тағы да еске салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыра алатындығы белгілі.
Ал eGov Mobile қосымшасы арқылы қызметті алу үшін:
- аталған порталға кіріп, "Мемлекеттік қызметтер" - "Жүргізу және көлік" бөліміне өтіңіз;
- "Жүргізуші куәлігін беру" қызметін таңдаңыз;
- қажетті ақпаратты еңгізіп, мемлекеттік баж салығын төлеңіз;
- өтінімді қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен растаңыз;
- "Жеке кабинет тарихы" бөлімінде өтініш мәртебесімен таныс болыңыз.
Қызметті порталда алу нұсқаулығымен пост каруселінде таныс болыңыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript