Ақтау әуежайы маңындағы ірі жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
Сурет: Instagram/aktau_airport_official
Бас көлік прокуратурасы құны 870 млн теңге болатын жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды. Ақтау қаласындағы әуежай маңындағы бұл аумақ 10 жылдан астам уақыт бойы мақсатқа сай пайдаланылмай келген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маңғыстау көлік прокуратурасы әуе аймақ маңындағы аумақта қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын орналастыру үшін заңсыз берілген жер учаскесін анықтады.
"Жер заңнамасын бұза отырып, бұл учаске 10 жылдан астам уақыт бойы өзінің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 870 млн теңгені құрайтын жер мемлекет меншігіне қайтарылды", делінген хабарламада.
Бұған дейін Ақмола облысында құны 1,8 млрд теңге болатын орман қоры жерлері мемлекетке қайтарылғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript