Қостанайда арнаулы мекемеде тәрбиеленуші жасөспірім жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Жастық, Қостанай, арнаулы мекеме, жасөспірім, қайғылы оқиға, тексеру, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2026 22:19 Сурет: pxhere
Қостанайдағы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 14 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 29 шілдеде өңірлік полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақов кәмелетке толмаған баланың өліміне байланысты тексеру жүріп жатқанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта қажетті процессуальды шаралар жүргізілуде. Олардың нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріліп, процестік шешім қабылданады", деп нақтылады Байзақов Zakon.kz тілшісіне.

Tobol.info басылымының мәліметінше, бұл қайғылы оқиға туралы ақпарат алғаш рет Құқық қорғау орталығының парақшасында жарияланған. Онда желдеткіш құрылғылары болмағандықтан мекеме тым ыстық болғаны айтылған.

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы трагедияның 2026 жылғы 28 шілдеде болғанын растады. Басқарма басшысы Динара Қарымсақованың айтуынша, мекемеде балаларға тәулік бойы тиісті күтім жасалып отырған.

"Өлімнің себептері тергеу барысында анықталады. Дегенмен орталықта әр балаға тиісті күтім ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Топтарда үнемі кіші медициналық персонал болады, тәулік бойы медициналық бекеттер жұмыс істейді. Күніне екі рет медқызметкерлер мен басшылық тексеруге шығып, барлығын бақылайды. Педиаторлар, невропатологтар жұмыс жасайды. Түске дейін баланың жағдайы қанағаттанарлық болған, дене қызуы көтерілмеген, шағымы болмаған. Ол белсенді болып, түскі асын ішіп, түскі ұйқыға жатқызылған болатын", деп түсіндірді Қарымсақова.

Басқарма басшысы әр топта желдеткіш құрылғылары орнатылғанын, ал жазғы ыстыққа байланысты ауыз су мен температуралық режим ерекше бақылауда екенін қоса айта кетті.

Өз кезегінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті де арнаулы интернатта жоспардан тыс тексеру жүргізетіндерін мәлімдеді.

"Біз тексеруді тіркеп жатырмыз, жақын күндері орталыққа барамыз", деп хабарлады департамент өкілдері.

Бұған дейін Оралда дәрігерлер мас деп қарамағандықтан ер адам ауруханада көз жұмғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: