TikTok-тағы анайылық: талдықорғандық келіншек айыппұл арқалады

TikTok, Жетісу облысы, анайылық, Талдықорған, келіншек, айыппұл  , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2026 09:35 Сурет: pixabay
Жетісу облыстық полиция департаменті кезекті мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде қоғамдық әдеп нормаларын бұзып, бейәдеп сөздерге жол берген азаматты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құқық бұзушы – Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны Гүлмира Касенова. Тексеру барысында оның бұған дейін де дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

"Алайда соған қарамастан, ол заң талаптарын қайтадан бұзған. Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот қаулысымен азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл түріндегі жаза тағайындалды", делінген 2026 жылғы 1 тамыздағы полиция хабарламасында.

Полиция интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарының тұрақты негізде жүргізілетінін еске салады. Заң талаптарын бұзғандарға қатысты тиісті шаралар қабылданады.

Бұған дейін ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Facebook-тегі парақшасында жаңа қоғамдық этика қағидаттарын, өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың жеке жауапкершілігі туралы кеңінен мәселе көтеріп, жазба жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: