Маңғыстау облысында TikTok арқылы тікелей эфирге шыққан әскери қызметкер айыппұл арқалады
Сурет: pixabay
"Лада" басылымы хабарлағандай, Бейнеу аудандық сотында ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігі, "Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту, сол сияқты қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірмеген, бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы" бойынша әскери қызметшіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Басылымның хабарлауынша, әскери қызметкер өз кінәсін мойындап, отбасының жалғыз асыраушысы екенін, төрт баласы барын түсіндіріп, өзіне жеңілірек жаза тағайындауды өтінген.
Сот өз әрекетіне өкінуді жеңілдететін жағдайлар ретінде қарастырды.
"Сот қаулысымен әскери қызметші әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 25 айлық есептік көрсеткіштің 30% мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды, бұл 68 810 теңгені құрайды", делінген хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енді.
Айта кетсек, 2025 жылдың соңында президент қол қойған "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы жаңа жазалау шаралары мен айыппұлдарды қарастырады.