ШҚО-да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

Торт, ұялы телефон, SIM-карта, түрме, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2026 19:17 Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
ШҚО-да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азамат тосын сыйды кәдімгі торттың ішіне жасыруды жөн көрген. Алайда тәтті сыйлықтың "ішкі мазмұны" қызметкерлердің назарынан тыс қала алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 13 тамызда ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады:

"Тортты тексеру барысында мекеме қызметкері оның ішінен целлофанға мұқият оралған орамды анықтады. Одан ұялы телефон мен әлі ашылмаған SIM-карта шықты. Тексере келе, дәл осындай тағы бір жасырылған орам табылды. Яғни әр целлофанның ішінде бір-бір ұялы телефон және жаңа SIM-карта болған. Анықталған тыйым салынған заттар тәркіленді".

ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожиканованың айтуынша, қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы және тыйым салынған заттарды беруге қатысы бар тұлғалар анықталуда.

Бұған дейін Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарғаны хабарланған. Сот үкімімен 28 жастағы Шерхан Аймахан төтенше қауіпсіздіктегі мекемеге тоғытыла отырып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: