Ақтөбеде мұғалім әйел алаяқтық күдігімен ұсталды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақтөбеде жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық күдігімен әйел адам ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, оның әрекетінен Қосшы қаласының кем дегенде екі тұрғыны зардап шеккен. Жалпы шығын көлемі 22 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйел пәтер сатуды желеу етіп, азаматтардан 14 млн және 8 млн теңге алып, кейін бой тасалаған. Шілде айында оған іздеу жарияланған болатын.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің Ақтөбеде жүргенін анықтады. Жергілікті әріптестердің көмегімен ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", деп хабарлады Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ұсталғанға дейін әйелдің қаладағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істегені белгілі болды. Қазіргі уақытта құқық қорғаушылар оның жұмысқа орналасу мән-жайын және жұмысқа қабылдау кезінде ұсынған құжаттарының түпнұсқасын тексеріп жатыр.
Сонымен қатар тегреушілер жалған құжаттар мен анықтамаларды пайдалану нұсқасын да қарастыруда.
Бұған дейін Жамбыл облысында банктерден несие алып, 16 млн теңгеден аса қарызға батқан мұғалім сотқа жүгінгені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript