Ұлттық банк алаяқтық белгілері бар транзакциялар туралы деректер жинай бастайды

Мошенничество, мошенники, взлом данных, мошеннические схемы, заявление Нацбанка о мошенниках, заявление Национального банка РК о злоумышленниках, злоумышленники, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2026 14:42 Фото: Zakon.kz
Ұлттық банк төлем қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жобаны әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта мынадай өзгерістер ұсынылған:

  • "Электрондық терминалдар саны туралы мәліметтер", "Төлем ұйымдары жүзеге асыратын операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер", "Шекарааралық операциялар туралы мәліметтер (кіріс)" және "Шекарааралық операциялар туралы мәліметтер (шығыс)" әкімшілік деректер нысандарын ұсыну мерзімін тоқсан сайынғыдан ай сайынғыға өзгерту;
  • қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар және клиенттерге берілген тәуекел деңгейі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімін жарты жыл сайынғыдан тоқсан сайынғыға өзгерту;
  • "Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары туралы мәліметтер" (1-РМ индексі) атты жаңа әкімшілік деректер нысанын енгізу. Ол ай сайын ұсынылады;
  • "Ұлттық банктің Антифрод-орталығы шеңберіндегі алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары туралы мәліметтер" (2-РМ индексі) атты тағы бір жаңа нысанды енгізу. Бұл ақпарат та ай сайын ұсынылады.

Жоба алаяқтық белгілері бар транзакциялар, сондай-ақ Ұлттық банктің Антифрод-орталығы аясындағы осындай төлемдер туралы статистикалық деректерді жинау мақсатында әзірленген.

Сонымен қатар жаңа өзгерістер есепті ақпараттың жедел әрі толық түсуін қамтамасыз етуге, белгіленген талаптардың сақталуын тиімді бақылауға, тәуекелдер мен ауытқуларды дер кезінде анықтауға және қадағалау шараларын жедел қабылдауға мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.

Жоба "Ашық НҚА" порталында 1 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін ашық көрсетіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: