Ұлттық банк теңгенің ресми бағамы белгіленетін шетел валюталарының тізімін кеңейтпек
Фото: freepik
Қазақстан Ұлттық банкі ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы құжат жобасын әзірледі.
Жобаға сәйкес, Ұлттық банк теңгенің ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізімі кеңейтіледі.
Түсіндірме жазбада көрсетілгендей, бұл тізімді 39 валютадан 48 валютаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, құжаттағы нормалар Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясына, Салық және Цифрлық кодекстерге, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" заң мен Ұлттық банк туралы ережеге сәйкестендірілмек.
Құжат жобасы 19 мамырға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript