Астанада жазда жеңіл жолмен ақша тапқысы келген қос студент 7 жылға сотталды
Фото: polisia.kz
Астанада 19 жастағы екі студент есірткі таратқаны үшін сотталды. Ұстау барысында олардан аса ірі мөлшерде есірткі табылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі 2026 жылы 26 тамызда хабарлағандай, қос студент Telegram мессенджері арқылы есірткі заттарын таратуға бағытталған қылмыстық схемаға кірген:
"Оларды ұстау барысында аса ірі мөлшерге жататын 5,87 грамм мефедрон тәркіленді".
Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды.
Сот үкімімен оларға 7 жыл және 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Прокуратура азаматтарды бейтаныс адамдар ұсынатын оңай жолмен ақша табу туралы ұсыныстарға келіспеуге шақырады.
Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесіне қарсы күрестің ауқымына қатысты жан-жақты мәлімет ұсынған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript