"Бөтен нөмірден WhatsApp арқылы шыққан". Оңтүстікте коллекторлар қатаң жазаланды

Кредит, Тараз, коллектор, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2026 18:56 Сурет: pexels
Таразда коллекторлық агенттік қарызды өндіріп алу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот талқысына жергілікті тұрғынның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуі түрткі болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында анықталғандай, ЖШС қызметкерлері коллекторлық агенттікке тіркелмеген абоненттік нөмірлерден WhatsApp мессенджері арқылы арыз берушімен және үшінші тұлғамен байланысқан.

"Коллекторлық қызмет туралы" Заңына сәйкес, коллекторлық агенттіктің борышкермен, оның өкілімен және үшінші тұлғамен бөтен нөмірмен байланысқа шығуы тікелей заңды бұзу болып табылады.

"ЖШС-нің кінәсі хаттамалармен, тараптардың айғақтарымен және істің басқа материалдарымен дәлелденді. ЖШС-нің өкілі кінәсін мойындап, өкініп, айыппұл сомасын азайтуды сұрады", делінген сот хабарламасында.

Аталған баптың санкциялары бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 100 және 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделеді. Алайда кінәні мойындауды, өкінуді, бұрын жасалған құқық бұзушылықтардың жоқтығын ескере отырып, сот айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты.

Бірінші іс бойынша ЖШС-ке 605 мың, ал екінші іс бойынша 302 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Астанада жазда жеңіл жолмен ақша тапқысы келген қос студент 7 жылға сотталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: