Қазақстанда жайылымдарды пайдаланылмай жатқан жер деп тану талаптары жеңілдетіледі

Лошадь, лошади, кони, конь, коневодство, пастбище, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2026 09:22 Фото: primeminister.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін берілген жерлердің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін жоба әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидалар Жер кодексінің 92-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкестендіріледі. Аталған нормаға 2026 жылғы 14 шілдеде қабылданған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңмен түзетулер енгізілген.

Өзгерістерге сәйкес, жайылымды пайдаланылмай жатқан жер деп тану кезінде ондағы ауыл шаруашылығы жануарлары санының шекті жол берілетін жүктеме нормасына арақатынасы есепке алынады. Бұл көрсеткіш жалпы жайылым алаңына белгіленген шекті норманың 50%-ынан 30%-ына дейін төмендетіледі.

Құжатқа қоса берілген салыстырма кестеде түзетулер шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін берілген жерлердің пайдаланылуына мониторинг ұйымдастыру мақсатында енгізіліп жатқаны айтылған.

Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Оны қоғамдық талқылау 15 қыркүйекке дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: