Алматыда жол апатына ұшыраған Damas бір бүйіріне қарай аударылып қалды
Сурет: Zakon.kz
Алматының Алмалы ауданында Брусиловский және Шәкәрім көшелерінің қиылысында Changan және Damas көліктері соқтығысты. Ауыр соққы салдарынан көліктердің бірі бір бүйіріне қарай аударылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның алдын ала мәліметінше, Changan автокөлігінің жүргізушісі қосалқы жолдан негізгі жолға шығу кезінде "Жол бер" белгісінің талабын орындамай, қиылысқа шығып кеткен. Соның салдарынан негізгі жолмен келе жатқан Damas көлігімен соқтығысып, кейін аударылып қалған.
Жол-көлік оқиғасы барысында ешкім зардап шеккен жоқ.
Апаттың мән-жайын Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript