"Шетелге қашып, құтыла алмайсың...". ТМҰ-ға мүше елдер қылмыскерлерді бірлесіп іздеуді күшейтеді

Ұсталды, ҚР ІІМ, ТМҰ, қылмыскерлер, бірлесіп іздеу, Ержан Сәденов, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2026 18:35 Сурет: Zakon.kz
Басқа елге кетіп, қылмыстық қудалаудан жалтару енді қиынға соғады. Өткен жылдан бастап Қазақстан ТМҰ-ға мүше елдерге 344 қылмыскерді іздестіруге көмектесті. Бұған жауап ретінде шетелдік әріптестер Қазақстан жариялаған халықаралық іздеудегі 82 адамды тауып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада Түркі мемлекеттерінің ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің ішкі істер министрлері қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген адамдарды бірлесіп іздеу жұмыстарын күшейту мәселесін талқылады.

Өткен жылдан бері ҚР ІІМ ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің сұрауы бойынша 344 қылмыскердің орналасқан жерін анықтап, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде шетелдік әріптестердің көмегімен Қазақстан іздеу жариялаған 82 адам анықталды.

Кездесуде ақпарат алмасуды жеделдетуге, бейінді қызметтердің тікелей өзара іс-қимылын күшейтуге және полиция атташелерінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға ерекше назар аударылды.

"Қылмыс шекара талғамайды. Сондықтан оған қарсы тұру ісін де бірлесіп жүргізуіміз керек. Мұнда ақпарат алмасудың жеделдігі, қызметтеріміз арасындағы өзара сенім және нақты нәтиже маңызды", - деді Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Қазақстанның ішкі істер министрі әріптестерін қолданыстағы ынтымақтастық тетіктерін белсендірек пайдалануға, жедел бөлімшелер арасындағы тікелей байланысты нығайтуға және полиция атташелерінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдануға шақырды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесу өткізген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: