Қызылорда облысында полицейлер түнде тоқтатқан Toyota Land Cruiser рөлінде 6 жасар бала отырған
Сурет: Zakon.kz
Қызылорда облысы Арал ауданында полиция қызметкерлері патрульдеу барысында аудан көшелерінің бірінде түнгі уақытта Toyota Land Cruiser автокөлігін басқарған 6 жасар баланы анықтады. Полицейлер дер кезінде әрекет етіп, жол-көлік оқиғасының алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында автокөлік оның әкесіне тиесілі екені анықталды.
"Кәмелетке толмағанның заңды өкіліне балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін ата – анасына қатысты әкімшілік хаттамалар рәсімделді. Жинақталған құжаттар сотқа жолданып, іс сотта қаралды. Сот шешімімен ата-анасына әкімшілік айыппұл салынды", делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері ата-анасымен және баласымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұған дейін Ақтөбеде көлік қағып кеткен 10 жасар қыз комаға түскенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript