ЕАЭО-дан әкелінетін 89 тауарға ең төменгі баға белгіленді

Цены на продукты, цены, цена на продукты, цена, подорожание, повышение цен, подорожание продуктов, повышение цен на продукты, стоимость, стоимость продуктов, увеличение стоимости, увеличение стоимости на продукты, рост цен, рост цен на продукты, увеличение цен, увеличение цен на продукты, инфляция , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 16:44 Фото: Zakon.kz
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылдың төртінші тоқсанына ЕАЭО елдерінен импортталатын кейбір тауарларға қолданылатын ең төменгі баға деңгейінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еі төменгі баға деңгейінің мөлшері тоқсан сайын жаңартылып отырады. Бұл кейбір тауарлар бағасының маусымдық өзгеруіне және импорт бағаларының құбылмалылығына байланысты.

Атап айтқанда, ең төменгі баға деңгейі мынадай тауарларға белгіленді:

  • сүт, йогурт, сүт өнімдері;
  • жұмыртқа, шұжық өнімдері;
  • жаңа піскен картоп, ақ қырыққабат, сәбіз;
  • грек жаңғағы, алма;
  • бидай ұны, күнбағыс майы, макарон өнімдері;
  • құрамында спирті бар өнімдер;
  • косметикалық құралдар;
  • төсек-орын жабдықтары және тағы басқалар.

Барлығы тізімге әртүрлі өнімнің 89 атауы енгізілген.

ЕТБД қолданылатын жекелеген тауар түрлерінің тізбесі және ЕТБД-ны айқындау қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы бұйрығымен бекітілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: