Кейбір тауар түрлерінің ең төменгі баға деңгейі белгіленді
Фото: Zakon.kz
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын және ең төменгі баға деңгейі қолданылатын жекелеген тауар түрлерінің 2026 жылдың төртінші тоқсанына арналған тізбесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ең төменгі баға мөлшері әр тоқсан сайын жаңартылады. Бұл кейбір тауар бағасының маусымдық сипатына және импорттық өнімдер бағасының құбылуына байланысты.
Атап айтқанда, ең төменгі баға деңгейі мынадай тауарларға белгіленді:
- сүт, йогурт және сүт өнімдері;
- жұмыртқа мен шұжық;
- жас картоп, ақ қырыққабат және сәбіз;
- жаңғақ пен алма;
- бидай ұны, күнбағыс майы және макарон өнімдері;
- құрамында спирті бар өнімдер;
- косметикалық құралдар;
- төсек-орын жабдықтары және тағы басқалар.
Тізбеге әртүрлі өнімнің 89 атауы енгізілген.
Ең төменгі баға деңгейі қолданылатын жекелеген тауар түрлерінің тізбесі мен оны айқындау қағидалары ҚР Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы бұйрығымен бекітілген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript