2026 жылдың екінші тоқсанына бірқатар тауарларға ең төменгі баға деңгейі белгіленді
Фото: Zakon.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті ЕЭО мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын жекелеген тауар түрлеріне қолданылатын ең төменгі баға деңгейі (ЕТБ) және оның мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған баға деңгейі 2026 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым аралығында қолданылады.
Атап айтқанда, Қазақстан аумағында өндірілетін бірқатар тауарларға ең төменгі баға деңгейі белгіленді.
Тізімге 28 түрлі өнім енгізілген.
Олардың ішінде:
- майлылығы 40%-дан аспайтын сүзбе – 1822 теңге;
- майлылығы 36%-дан аспайтын, құрғақ заттағы май үлесі 48%-дан асатын өзге балқытылған ірімшіктер – 2985 теңге;
- қабығымен сатылатын жаңа тауық жұмыртқасы – бір данасы 41 теңге;
- жаңа немесе салқындатылған картоп – 1 кг үшін 90 теңге;
- жаңа немесе салқындатылған ақ қауданды қырыққабат – 1 кг үшін 72 теңге;
- жаңа немесе салқындатылған сәбіз – 1 кг үшін 106 теңге;
- алма (1 тамыз бен 30 қараша аралығында) – 1 кг үшін 175 теңге;
- қатты бидай – 1 кг үшін 83 теңге;
- жұмсақ бидай мен спельтадан алынған бидай ұны – 1 кг үшін 175 теңге;
- күнбағыс тұқымы (ұсақталған немесе ұсақталмаған) – 1 кг үшін 201 теңге;
- бастапқы қаптамадағы (10 литрге дейін) күнбағыс майы немесе оның фракциялары – 1 кг үшін 451 теңге;
- еттен, ет қосалқы өнімдерінен немесе қаннан дайындалған шикі шұжықтар – 1 кг үшін 2063 теңге;
- еттен, ет қосалқы өнімдерінен немесе қаннан жасалған өзге шұжық өнімдері – 1 кг үшін 1521 теңге;
- кептірілген макарон өнімдері – 1 кг үшін 248 теңге;
- спирт көлемі 45,4%-дан аспайтын, көлемі 2 литрге дейінгі ыдыстардағы арақ – 1 литрі 1268 теңге.
Ал Қазақстанда өндірілмейтін тауарлар тізіміне 8 атау енгізілген.
Олардың қатарында:
- жаңа немесе салқындатылған шампиньон саңырауқұлақтары – 1 кг үшін 754 теңге;
- жаңа банандар – 1 кг үшін 403 теңге;
- жаңа тәтті апельсиндер – 1 кг үшін 277 теңге;
- жаңа немесе кептірілген мандариндер – 1 кг үшін 269 теңге;
- жаңа құрма – 1 кг үшін 208 теңге;
- өзге де күрделі органикалық еріткіштер мен сұйылтқыштар, сондай-ақ бояу немесе лакты кетіруге арналған дайын қоспалар – 1 литрі 234 теңге.
Ең төменгі баға деңгейі әр тоқсан сайын жаңартылып отырады. Бұл кейбір тауарлардың бағасы маусымға байланысты өзгеруімен және импорт бағасының құбылмалы болуымен түсіндіріледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript