Арбадағы шприц, қыздың көйлегін киген ер адам: ШҚО-да біртүрлі оқиға орын алды

Полиция, Өскемен, арба, шприц, іш киім, ер адам, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2026 11:40 Сурет: Zakon.kz
Өскеменде көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары подъезд алаңында тұрған бала арбасынан қолданылған шприцті тапты. Бұған дейін олар ғимараттан күдікті бейтаныс адамды байқаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнынан түсірілген фото мен видео әлеуметтік желіде жарияланды. Тұрғындардың айтуынша, түнде өз үйлерінен бейтаныс адамды байқаған соң олар бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеруді ұйғарған.

Видеодан түн ортасында ер адамның баспалдақпен түсіп келе жатқанын көруге болады. Бұған дейін тұрғындар подъезде әйел киімінде басына іш киім киген бөтен адам жүргенін айтқан.

Шприц табылғаннан кейін тұрғындар полицияға жүгінді. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсінік берді.


"Полиция қызметкерлері 29 жастағы ер адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Оның әрекетіне тиісті құқықтық баға беріліп, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды(, деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі 2026 жылғы 18 қазанда Zakon.kz тілшісіне.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: