Алматыда түнде жасөспірім жүрген мейрамхананың жұмысы үш айға тоқтатылды

Полиция, Алматы, түн, кәмелетке толмаған, мейрамхана, жаза, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2026 19:49 Сурет: polisia.kz
Жетісу ауданында ювеналды полиция қызметкерлері түнгі рейд барысында Жангелдин көшесінде орналасқан ойын-сауық орнынан кәмелетке толмаған қызды анықтады. 2010 жылғы қыз заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз мейрамханада болған. Ол полиция басқармасына жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңды өкіліне қатысты әкімшілік материал толтырылды.

"Тексеру барысында бұл мекемеде мұндай заңбұзушылық бірінші рет тіркелмегені анықталды. Бұған дейін де нысан иесі жауапкершілікке тартылып, осындай жағдайларға жол бермеу жөнінде бірнеше рет ескерту алған. Алайда ескертулерге қарамастан, заң талаптары қайта бұзылған. Жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мейрамхананың қызметі үш айға тоқтатылды". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Полиция өкілдері заң талаптарын қайталап бұзу нақты жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Ойын-сауық орындарының иелері түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды кіргізуге қатысты заң талаптарын қатаң сақтауға міндетті.

Айта кетсек, Қазақстанда кәмелетке толмағандарға қатысты үш күнге созылған профилактикалық рейдтер барысында 4 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: