ОҚО-дағы тұрғын үйлердің бірінен екі адамның мәйіті табылды
ҚазАқпарат
Бұл биылғы жылға адам өлімімен аяқталған үшінші жағдай.
Кеше 17 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық газ шаруашылығы қызметінің мәліметінше, 22 жастағы екі жігіттің мәйіті Біркөлік ауылында түске таяу табылған. Алдын ала болжам бойынша марқұмдар газдың иісінен уланып, қайтыс болған. Қазір таңда арнайы мамандар қайғылы жағдайдың себеп салдарын анықтауда.
Бұл биылғы жылға адам өлімімен аяқталған үшінші жағдай.
Еске салайық, бұған дейін өңірде екі жасар бүлдіршін мен 32 жастағы әйел де иістен уланып көз жұмған болатын. Тағы екі бала ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, ем қабылдауда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript