Атырау облысында заңсыз мигранттар ұсталды

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2018 22:18 www.inform.kz
Жүргізуші Маңғыстау облысынан шығып, Ресей Федерациясының Астрахань қаласына бара жатқанын айтты.

Атырау облысында 3 автокөлікке жолаушыларды шамадан тыс отырғызып, тасымалдаған Өзбекстан азаматтары ұсталды. Көлік салонын қайта жабдықтап, 7 адамға арналған шағын автобусқа 15 жолаушыны сыйғызған, деп хабарлайды kaztrk.kz.

Жүргізуші Маңғыстау облысынан шығып, Ресей Федерациясының Астрахань қаласына бара жатқанын айтты.

Бұлардың ізінше, республикалық маңызы бар «Доссор-Құлсары-Бейнеу» тас жолы бойында тағы 2 автокөлік ұсталды. Полиция қызметкерлерінің күшімен барлық жолаушы жылы жерге орналастырылды. Одан әрі көші-қон полициясының күшімен Ресей Федерациясына жеткізілмек.

Назымгүл Қайсағалиева, Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің хатшысы: - Аталған автокөліктердің де 3 жүргізушісі – Өзбекстан азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590,593-баптарына сәйкес барлығы 7 әкімшілік хаттама толтырылды. Жолаушы тасымалдайтын көліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында облыс көлемінде өткізіліп жатқан «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы барысында барлығы 697 заңбұзушылық анықталып, хаттама толтырылды.

Жандос Темірғалиев

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: