Елбасы Ресейдегі президент сайлауына сәттілік тіледі
karaganda-region.gov.kz
Ресейдегі президент сайлауы биылғы жылдың 18 наурызында болады.
Орталық Азия елдері басшыларының (консультативтік) кездесуін ашу барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей және Қытай Халық Республикасымен тату көрші болып отырғанымыз жайлы айта кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әрине, біз мұнда Орталық Азия елдері, яғни «өзіміз ғана шектелеміз» деп айтпаймыз. біздің алып көршілеріміз бар - бұл Ресей мен Қытай. Біз олармен тығыз байланыстамыз. Барлық бағыттар бойынша көлік арқылы қатынас - Ресеймен, Жібек жолы арқылы - Қытаймен. Біз осы алып көршіліремізбен, үлкен нарықпен серіктестігімізді үзбей, керісінше күшейте түсеміз", - деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар ол жуырда Ресейде президенттік сайлау өтетінін еске салды.
«Біз Ресейдегі президент сайлауына сәттілік тілейміз. Әрине, Владимир Владимирович Путинге жетістік тілейміз. Осының бәрі сындарлы диалогты құруға және ынтымақтастықты нығайтуға оң әсерін тигізері анық», - деп атап өтті ҚР Президенті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript