ВВС арнасы Астанада өтетін форум жайлы ролик түсірді
elorda.info
Шілденің 2-3 күндері Астанада «GLOBAL SILK ROAD» Жібек жолы елдерінің қалалары мэрлерінің форумы өтеді.
ВВС арнасының командасы 2-3 шілде күні өтетін «GLOBAL SILK ROAD» Жібек жолы елдерінің қалалары мэрлерінің форумы туралы ролик түсіріп, үш күн бойы трансляциялады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
«Астанада өтетін форум туралы ВВС арнасының командасымен түсіріліп монтаждалған анонсы бар видео үшінші күн BBC World News Еуропа, Таяу Шығыс және Орталық Азияға трансляцияланды. Аталған елдерде ВВС аудиториясы шамамен 450 млн телекөрерменді құрайды», - деп жазылған «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС Facebook желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, шілденің 2-3 күндері Астанада «GLOBAL SILK ROAD» Жібек жолы елдерінің қалалары мэрлерінің форумы өтеді. Оған әлемнің 52 елінен 2250 қатысушы, оның ішінде саяси көшбасшылар, әлемнің 60 ірі сауда-өнеркәсіп палатасы және трансұлттық компаниялар, 100-ден астам шетелдік спикерлер мен модераторлар қатысады.
«Астана Cities Mayors Forum "GLOBAL SILK ROAD" қабылдайды. Бұл іскерлік туризм саласындағы биылғы жаздың ең маңызды оқиғасы», - деп жазылған компанияның ресми парақшасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript