Түркістан облысында 202 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген

Самат Мырзалиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2018 17:41 Самат Мырзалиев
Бұдан бөлек, Түркістан облысының республикадағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің үлесі - 14,6 пайызды құрап, елімізде 2-орынды иемденіп отыр.

Түркістан облысында ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы - 202 мың шаршы метрді құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға артқандығын көрсетеді. Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2018 17:41

Бұдан бөлек, Түркістан облысының республикадағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің үлесі - 14,6 пайызды құрап, елімізде 2-орынды иемденіп отыр. Сондай-ақ, республикадағы өнеркәсіп өнімінің көлеміндегі үлесі бойынша облыс 14-шы орынға тұрақтап, көрсеткіш 1,6 пайызды құраған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2018 17:41

"Түркістан облысы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 6 ай қорытындысымен 147 млрд. 148 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,3 пайызға артты. Оның ішінде мал шаруашылығы –– 128 млрд. 275 млн. теңге болып 4,7 пайызға өскен", - деді Айдар Ахметбекұлы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2018 17:41

Сонымен қатар, өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2018 жылдың 1 шілдесінде 126 975 бірлікті құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 2,7 пайызға жоғары болып отыр. Еліміз бойынша жұмыс істейтін субьектілердің 10,6 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларының есебі бойынша, шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы - 52 млрд. 888 млн. теңгеге жеткен.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2018 17:41

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: