Грекияда орман өртінен қаза тапқандар саны артты
Грекияда орман өрті кезінде мерт болғандар саны 91-ге жетті. Тағы 25 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.
Бұл туралы Ассошиэйтед Пресс агентігі Грекияның жедел құтқару қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Осыған дейін 80-нен аса адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Мамандардың айтуынша, табиғи апат Еуропа бойынша 1900-шы жылдан бері болған ең алапат өрт болып саналады. Қайтыс болғандардың көбі отқа оранған, ал кейбіреулері лаулаған жалыннан қорғану үшін көлге секірген. Алайда олардың көбі суға батып кетті. Жергілікті биліктің болжауынша от қасақана қойылған. Ал оппозиция тарапы ормандарда өрттің алдын алу жұмыстары дұрыс жүзеге аспағанын алға тартады.
Айта кету керек, тілсіз жаумен күресуге 600-ден аса өрт сөндіруші, 5 тікұшақ және 300 техника жұмылдырылды.