Жаңалықтар тізбегі
0

Ежелгі наным бойынша далада түнеген әйел екі баласымен бірге көз жұмды

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2019 23:28 stan.kz
Үндістердің «чаупади» деп аталатын ежелгі сенімі бойынша, әйелдің етеккірі келгенде олар таза емес деп саналады.

Непалдың батысындағы ауылда анасы екі баласымен бірге көз жұмды. Оларды жақындары хижина кезінде үйінен бөлек шығарып тастаған деп жазады stan.kz.

35 жастағы әйел Амба Бохара ауыл тұрғыны. Хижинада от жақпақ болады. Екі баласын осылай жылытам деген әйел олардан айырылып қалды. 9 және 12 жастағы баласымен бірге тыныс ала алмай көз жұмды. Олардың денесің енесі тауып алды. Сарайдан табылған көрпеше өрнетіп, әйелдің аяғы күйіп кеткен екен.

Үндістердің «чаупади» деп аталатын ежелгі сенімі бойынша, әйелдің етеккірі келгенде олар таза емес деп саналады. Сол уақыт аралығында ер адамдарға, жануарларға жақындауға болмайды. Азық-түлікті қолымен ұстай алмайды. Бір шатыр астында жақындарымен тұра алмайды. Ал, қыз балалар бұл уақытта сабақтан босатылады.

Бұл тәжірибеге 2005 жылдан бастап тыйым салынған. 2017 жылы қылмыс деп саналды. Тәртіп бұзғандар 27 доллар төлеп, үш айға қамалады. Алайда халықтың мұны қабылдауы қиын. Әлі де ел арасында бұл наным жойыла қойған жоқ.

Непалда түнгі ауа температурасы қаңтар айында 2 градусқа дейін төмендейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: