Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин: Қазақстан мен Өзбекстанның парламентаралық байланыстары нығая түсті

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2019 22:09 Ж.Құспанов
Келіссөз барысында заңнамалық тәжірибе алмасу мақсатында ынтымақтастықты жандандыру туралы келісімдер жасалды.

7 маусым күні, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы парламентаралық байланыстардың жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстанға жасаған ресми сапары барысында Мәжіліс Төрағасы Қазақстан мен Өзбекстан парламентшілері арасындағы ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарын талқылап, Олий Мажлисі Сенат Төрағасы Нигматилла Юлдашевпен кездесті.

Келіссөз барысында заңнамалық тәжірибе алмасу мақсатында ынтымақтастықты жандандыру туралы келісімдер жасалды.

Мәжіліс Төрағасы өзбекстандық әріптесін ағымдағы жылғы 23-24 қыркүйекте Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында "Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік" тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесіне қатысуға шақырды.

Н.Нығматулиннің айтуынша, форумға Өзбекстан парламентшілерінің қатысуы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейінің тағы бір дәлелі болмақ.

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Шетелдік елдермен этнос аралық және достық қарым-қатынастар комитетінде бірқатар кездесулер өткізіп, Өзбекстандағы қазақ ұлттық орталығының өкілдерімен кездесті.

Қазіргі уақытта Комитетте 34 достық қоғамы, 138 ұлттық мәдени орталық бар.

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көп жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ықпал ететін Өзбекстандағы Қазақстан жылы бойынша өткізілетін шаралараға назар аударды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: