Арыс арқылы пойыздар қозғалысы ашылды
факты ICTV
Арыс стансасы – Түркістан мен Шымкент бағытындағы маңызды торап.
Бүгін сағат 12:00-ден кейін Сарыағаш-Арыс учаскесінде Шымкент-Арыс және Арыс-Түркістан бағытында пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның сервис жөніндегі департаментінің директоры Әлібек Сұлтанов айтты.
- 24 маусым күні төтенше жағдай орын алды. "Жолаушылар тасымалы" осы жағдайдың құрбаны болып қалды. Үш күн бойы үлкен жұмыстар жасалды, өйткені Арыс стансасы – Түркістан мен Шымкент бағытындағы маңызды торап. Қозғалыс тоқтатылған болатын. Сол себепті жолаушылар тасымалын қалпына келтіруге қажетті барлық шаралар жасалды, - деді ол.
Пойыздардың қозғалысы бүгін ашылды.
- Бүгін сағат 12:00-ден кейін Сарыағаш-Арыс учаскесінде Шымкент-Арыс және Арыс-Түркістан бағытында пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. Енді қозғалыс кестесін реттеудеміз, - деді Сұлтанов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript