Жаңалықтар тізбегі
0

Айсұлтан Назарбаев Лондонда кепілмен босатылып, ауруханаға жіберілді

time.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2019 16:11 time.kz
Назарбаев ісі бойынша негізгі сот келер жылы 20 наурызда басталады.

Соттар мен трибуналдардан хабар тарататын ұлыбританиялық Court News UK агенттігі 4 шілдеде Лондондағы Сауторк сотында Айсұлтан Назарбаев ісі бойынша алдын ала тыңдау өткенін хабарлады.

Отырыста Айсұлтан Назарбаев "өзін суицидтен құтқарып қалған полицейді тістегенін" жоққа шығарды. Сайттың жазуынша, Назарбаевқа "полицейді жарақаттады және жекенің мүлкін бүлдірді" деген айып тағылған, деп хабарлайды Азаттық.

Агенттіктің хабарлауынша, судья Филип Бартл Айсұлтан Назарбаевты кепілмен босатып, қаладағы есірткіге тәуелділер емделетін Priory Group ауруханасына жіберген.

Ал ВВС-дің Орыс қызметінің хабарлауынша, адвокат Алисдэйр Уильямсон соттан Айсұлтан Назарбаевты 90 мың фунт стерлинг (шамамен 43 млн теңге) кепілмен босатуды сұраған.

"Сотта прокурор Грегор МакКинли Айсұлтан Назарбаевтың кокаин қолданатынын айтты. Қазақстанның бұрынғы президентінің жиенінің төлқұжатын алып алған. МакКинли судьядан Назарбаевты кепілмен босатпауды сұрады. Мемлекеттік айыпталушы ықпалы қатты Назарбаевтар әулеті оған дипломатиялық паспорт алуға көмектесіп, ол Ұлыбританиядан кетіп, жауапкершіліктен құлытып кетеді деп қауіптенеді. Ал судья Назарбаев есірткіге тәуелділер емделетін Priory Group емханасына барып емделсе ғана кепілмен босатынын айтты" деп жазды сотқа қатысқан ВВС-дің Орыс қызметі.

ВВС-дің дерегінше, Priory Group ауруханасында бұрындары танымал музыканттар Эмми Уайнхаус пен Робби Уильямс, футболшы Джордж Бест пен актер Джонни Депп емделген.

Court News UK сайты Назарбаев ісі бойынша негізгі сот "келер жылы 20 наурызда басталатынын" мәлімдеді. Court News UK агенттігінің дерегінше, Айсұлтан Назарбаев осы уақытқа дейін Лондонның оңтүстік-батысындағы Уандсворт түрмесінде отырған.

Сайттың хабарлауынша, "Назарбаев 5 маусымда полицей Росс Сэмбрукке шабуыл жасаған. Осы оқиғадан екі күн бұрын Назарбаев International Park Plaza Hotel қонақүйінде өзі тұрып жатқан нөмердің терезесіне шығып алып, секірмек болған. Осыдан кейін қонақ үйге полицейлер келген".

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: