Нұрлан Нығматулин Твиттерде жеке парақшасын ашты
Мәжілістің баспасөз қызметі
Нығматулин өзінің Twitter қолданушыларына арналған бейнежазбасында оның қол жетімді, заманға сай байланыс құралы екенін айтты.
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин халық арасында танымал әлеуметтік желілердің бірі - Твиттерде @NigmatulinKZ жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Н.Нығматулин өзінің Twitter қолданушыларына арналған бейнежазбасында оның қол жетімді, заманға сай байланыс құралы екенін айтты. Сонымен бірге:
- Ол әрбір азаматпен тікелей байланысып, жедел ұсыныс-пікір алмасуға мүмкіндік береді. Бұл ортақ мақсат жолында, бірлесе жұмыс істеуге кең жол ашады деп ойлаймын. Сондықтан, алдағы уақытта осы парақшамда Мәжілістегі маңызды жаңалықтармен бөлісіп отыратын боламын, - деді Мәжіліс Спикері.
Құрметті достар!
— Nurlan Nyǵmatýlın (@NigmatulinKZ) August 19, 2019
Бүгін Твиттерде өз парақшамды аштым. Енді сіздермен елдегі маңызды мәселелер бойынша тұрақты және жиі пікір алмасатын боламыз. pic.twitter.com/F01KXzrrag
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript