Жаңалықтар тізбегі
0

"Манчестер Юнайтед" - "Астана" матчы 1:0 есебімен аяқталды

zakon.kz коллажы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2019 15:12 zakon.kz коллажы
Алаң иелері 90 минут бойы қазақстандық клубтың қорғаушыларына тыным бермеді.

Манчестердегі "Олд Траффорд" стадионында "Манчестер Юнайтед" пен "Астана" ойнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші таймда гол соғылмады. Екінші таймның басында "Астана" ойыншыларының анда-санда қарымта шабуылдарға шығатын мүмкіндігі болды.

Қазақ клубын әбден қыспаққа алса да гол соға алмаған "қызыл сайтандар" 66-шы минутта алаңға Лингард пен Матаны шығарды. Ал 73-ші минутта Гринвуд Мейсон қорғаушы Ротариуды алдап өтіп, ағылшын жанкүйерлерінің ұзақ күткен голын салды.

"Манчестер Юнайтед" бүкіл ойын бойы шабуылда болды, Ненад Эричтің еңбегі болмағанда, "Астананың" ірі есеппен ұтылатаны анық еді.

L тобының қатар өткен ойынында Сербияның "Партизаны" өз алаңында Голландияның "АЗ Алкмарымен" 2:2 есебімен тең түсіп, ұпай бөлісті.

Еуропа лигасы топтық кезеңінің екінші туры 3 қазанда өтеді: "Астана" Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:50-де өз алаңында "Партизанды" қабылдайды, екі сағаттан кейін Голландияда "АЗ Алкмар" - "МЮ" кездесуі басталады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: