Қазақтың жас перісі – eurosport Жасұлан Әкімжанға мақала арнады
Сочиде өткен GFC 19/Krepost 6 турнирінің басты сенсациясы – Қазақстан өкілі Жасұлан Әкімжанның Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Мигран Арутюнянды нокаутқа түсіргені болды, деп жазады eurosport.
Әкімжан – жан-жақты дамыған спортшы
22 жастағы Жасұлан – ММА-ге келмей тұрып-ақ біраз жетістікке жеткен. Ол джиу-джитсудан Азия чемпионы, қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионы және панкратионнан Еуразия чемпионы – бұл атақтың бәріне ол 19 жасында қол жеткізіп үлгерді.
– Мен негізі еркін күрестен бастағанмын. Менің негізгі спортым сол. Сосын джиу-джитсумен айналысып көрдім, ол да ұнап қалды. Одан кейін қолмен жұмыс істеуді жетілдіру керек деп, бір жылдай бокспен айналыстым. Сосын ММА-ге келдім, – деген болатын Әкімжан.
Посмотреть эту публикацию в InstagramЧеловек способен изменить свою жизнь, меняя всего лишь свою точку зрения.
Арутюнян оңай қарсылас емес еді
Жасұланның қарсыласы Арутюнян әуел баста грек-рим күресімен айналысып, Ресейдің атынан өнер көрсеткен. Лондон Олимпиадасының лицензиясы сарапқа салынатын бір жарысқа жіберілмей қалған соң, 2012 жылы ол Армения құрамасына кетіп қалған.
Төрт жылдан кейін Арутюнян Олимпиаданың финалына шығып, Давор Штефанекпен кездесті. Төрешілер соңғы нәтижелі әрекеті үшін Сербия өкіліне күмәнді ұпай беріп, Мигран күміс медальді місе тұтты. Марапаттау кезінде Арутюнян жылап, ызалы көрермендердің Штефанекке ысқырғаны бар. Рио Олимпиадасынан кейін Мигран ММА-ге келіп, өзіне Маэстро деген лақап ат алды.
Бұл жеңіс – қазақ жігітінің кәсіпқой төбелестегі төртінші жеңісі
Әкімжан өзі жеңген кездесулердің бәрін мерзімінен бұрын аяқтаған – айналып теуіп, өкшемен соққанынан басқа, ол бұған дейін қарсыластарын екі рет қылқындырып, бір рет жұдырықпен төмпештеп тастаған. Оның жалғыз жеңілісі Fight Nights Global 81 турнирінде болды. Ол кезде төрешілердің бірауыз шешімімен Ахмед Балкизовтен ұтылды.
Айтпақшы, Әкімжан Арутюнянның ММА-дегі алғашқы жеңілісінің авторы болып отыр.