Қар, боран: Ақтөбе мен Қызылордада кейбір жол учаскелері жабылды

uralskweek.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2019 21:39 uralskweek.kz
Самара-Шымкент тас жолының кейбір учаскесінде жолдар жабылған.

Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында кейбір жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 3 қарашада сағат 20.00-ден бастап Қызылорда облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, мұз, қатты қарлы боран, тұман) республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тас жолы (965-1240 км, Қарабұтақ кенті - Қызылорда облысының шекарасы) барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Сондай-ақ, 3 қарашада 20.25-тен бастап ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, мұз, қатты қарлы боран, тұман) Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тас жолы а (1357-1240 км, Арал - Ақтөбе облысының шекарасы) барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: