Шенеуніктердің ҚХР-ға жоспарланған іс-сапарларына шектеу қойылды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2020 22:55 Pixabay
Халықаралық іссапарлардан бөлек халықаралық спорттық іс-шаралар да өткізілмейтін болды.

"Коронавирусқа байланысты шенеуніктер Қытайға іссапарға бармайтын болды", - деді еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин арнайы баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды zakon.kz.

- Халықаралық кең көлемді іс-шаралардың шектелуіне байланысты Үкімет ҚХР-ға жоспарланған демалыс сапарларын, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің іс-сапарларын да шектеу туралы шешім қабылдады, - деді Бекшин.

Ол іссапарлардан басқа барлық халықаралық спорттық іс-шаралар, оның ішінде халықаралық теннис турнирі де өткізілмейтін болғанын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: