Жаңалықтар тізбегі
0

Оралда интернет арқылы есірткі сатқан колледж студенті ұсталды

ҚР ІІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2020 15:54 ҚР ІІМ
Сатуға арналған есірткіні ол интернет арқылы тапсырыс беріп, байланыссыз жолмен алып отырған. Содан кейін өз пәтерінде бөліп буып, "жасыру" арқылы таратқан.

Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында бөліп салынған "Альфа ПВП" синтетикалық есірткі заты және гашиш табылды. Есірткі заттарынан басқа ұсталған адамнан бірнеше ұялы телефон, банктік карталар, электронды кір және буып-түюге арналған материалдар алынды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында белгілі болғанындай 19 жасар Орал тұрғыны танымал мессенджер арқылы есірткі саудасын ұйымдастырған. Сатуға арналған есірткіні ол интернет арқылы тапсырыс беріп, байланыссыз жолмен алып отырған. Содан кейін өз пәтерінде бөліп буып, "жасыру" арқылы таратқан.

Барлық мекенжайлар, геобелгілер және фотолар ұсталғанның телефонында тіркелген. Барлығы соңғы екі айда Орал және ақтөбе қалаларында 50-ге жуық жасырылған орын анықталған.

ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша (өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау,жөнелту немесе есірткі заттарды, психотропты заттарды өткузі) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта заттарды жасыру функцияларын жүзеге асырған тұлғаларды анықталуда, дәлелдемелік базаны бекіту бойынша және ҚР ҚК-нің 297-бабының 4-бөлігі бойынша (электронды ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы есірткі өткізу) жаңа айып тағу үшін тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, 11 қаңтарда электронды ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы есірткі өткізгені үшін жауапкершілік көздейтін қылмыстық заңанамадағы өзгерістер күшіне енді. Ол үшін мүлкін тәркілеумен 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: