Subaru электромобиль шығарайын деді
Subaru компаниясы гибридті автокөліктерді жетілдіріп қана қоймай, толыққанды электромобиль шығаруға қатысты жоспарымен бөлісті. Ниетінің шынайылығын дәлелдеу үшін марка алғашқы электрокарының дизайнын көрсетті, деп жазады kolesa.kz.
Жаңа көлік жайлы нақты ақпарат жоқ. Тек шағын кроссовердің сүйірлеу шанағы, "шабылған" дөңгелек аркасы мен қысқа асылмасы (свес) болатыны белгілі. Е-TNGA модульдік платформасы негізге алынған. Жол талғамайтын көліктің екі электрлі моторы болуы мүмін, бірақ олардың қуаты мен жүріс қоры туралы мәлімет жоқ.
Гибридті топтаманы дамытуға қатысты айтсақ, Subaru 2023 жылы THS (Toyota Hybrid System) трансмиссиясы мен механикалық толық жетекке ие, яғни артқы осінде электрлі қозғалтқышы жоқ бензин-электрлі жүйені таныстырмақ.